Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма жайлы || Ереже

Ереже

Облыс әкімдігінің 2016 жылғы
 2016 жылғы 24 қазанындағы
№ 407 қаулысымен
бекітілді

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекцияы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Басқарма) облыстық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын және облыс әкімдігімен Солтүстік Қазақстан облысы аумағында Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік басқару жүзеге асыруға өкілеттік берілген атқарушы орган болып табылады.

2. Басқарманың филалдары мен өкілдіктері жоқ.

3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикссының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Басқарманың заңды мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64 үй, индексі 150000.

10. Басқарманың толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Управление государственной инспекции труда акимата Северо-Казахстанской области».

11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

12. Басқарманың құрылтайшысы және уәкілетті органы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі (бұдан әрі — Құрылтайшы) болып табылады.

Құрылтайшы заңнамалық актілерге сәйкес Басқарманы құру мәселесі, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын айқындау, оны қайта ұйымдастыру және жою мәселелерін шешеді, Басқарманың Ережесін бекітеді, Басқармаға тиесілі мүліктің пайдаланылуын және күтіп ұстауды бақылауды жүзеге асырады.

13. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

14. Кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнама актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыс бюджеті кірісіне жіберіледі.

15. Құрылтайшы мен Басқарма арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалып, реттеледі.

16. Басқарма әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалып, реттеледі.

17. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар заңнамаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде енгізіледі.

18. Басқарма ведомстволық бағынысты коммуналдық заңды тұлғалардың басқару органы функциясын жүзеге асырады. 

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

19. Басқарманың миссиясы:

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында азаматтардың еңбек саласындағы конституциялық кепідіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету арқылы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арртыруға жәрдемдесу;

20. Басқарманың негізгі міндеттері:

1) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) ) басқармаға заңнамада және Құрылтайшы жүктеген басқа да міндеттер.

21. Басқарма қолданыстағы заңнамаға сәйкес және оған жүктелген міндетерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2) жұмыс берушілер табыс еткен ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;

3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру;

5) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу;

6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;

7) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

8) қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;

9) өндірістік объектілерге еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асыру;

10) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеріс жоспарларын әзірлеу және бекіту;

11) еңбек жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органға кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша ақпараттық жүйе дерекқорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайына мониторинг нәтижелерін ұсыну;

12) еңбек жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты жолдау;

13) басқармаға заңнамада және Құрылтайшы жүктеген басқа да функцияларды оырндау. міндеттер:

22. Құқықтар мен міндеттер:

1) белгіленген тәртіпте Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және басқа материалдарды облыстың атқарушы органдарынан, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан сұрату және алу;

2) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі және обыс мәслихатының қарауына Басқарма құзырына жататын мәселелерді шешу жөнінде ұсныстар енгізу;

4) Басқарма құзыретіне енгізілген мәселелер жөнінде түсініктеме беру;

3) еңбек заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды белгіленген тәртіпте және тексеріс құзыры шегінде тексеруді және оның басқа да түрлерін жүзеге асыру;

4) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтіні анықталан жағдайда, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, тоқтата тұру (тыйым салу);

5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;

6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысу;

7) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде белгіленетін айрықша талаптардың орындалуына тексеру жүргізу;

8) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдау;

9) еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарау

10) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасында көзделген басқа да құқықтар мен міндеттер.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

23. Басқарма басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

24. Басқарманың басшысы облыс әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

25. Басқарманың басшысы Солтүстік Қазақстан обылсы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып табылады.

26. Басқарма басшысының қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

27. Басқарма басшысының өкілеттігі:

Басқарма қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

Басқарманың бөлімдері туралы ережені бекітеді, олардың функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды

Басқарма қызметкерлерін көтермелеу мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

Басқарма бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ Басқарманың қызметкерлерінің орындауына міндетті нұсқаулар береді;

Басқарманы мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда сенімхатсыз ұсынады;

Басқарманың құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес обасшысынң орынбасары жүзеге асырады.

27. Басқарма басшысы өзінің орынбасарларының және құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

28. Басқарма басшысы Басқарма жұмысын ұйымдастырады және оны басқарады, әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауап береді.

4. Басқарманың мүлкі

30. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

31. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған згедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

33. Басқарманың қызметін қайта ұйымдастыру және тоқтату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

34. Басқарманың филалдары мен өкілдіктері жоқ.

6. Басқарманың жұмыс режимі

35. Басқармада екi демалыс күнi бар (сенбі, жексенбі) бес күндiк жұмыс аптасы белгiленедi.

Жұмыс уақытының басталауы мен аяқталуы: демалуға және тамақтануға сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

36. Ауысымды жұмыс кезiнде жұмыс уақытының ұзақтығы ауысым кестелерiмен белгiленедi. 

 

18.07.2017 10:31

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика