Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Сенiм сертификаты

07.09.2017

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, ҚР Еңбек кодексiнде қызметкер жұмысын декларациялау ұғымы енгiзiлдi. Қызметкер жұмысын декларациялау — бұл өзiнiң берген өтiнiшiнiң негiзiнде, қолданыстағы ҚР еңбек заңнамасы талаптарына сай жұмыс берушiнiң қызметiн тану рәсiмi.

ҚР ЕК 200 бабына және ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң 2016 жылғы 30 қарашадағы № 909 бұйрығымен бекiтiлген жұмыс берушiнiң қызметiн декларациялау Ережесiне сәйкес, қызметi ҚР еңбек заңнамасы талаптарына сай деп танылған жұмыс берушiлерге үш жыл мерзiмге сенiм сертификаты табыс етiледi.

Сенiм сертификаты iрiктеп тексерулер мен тексерiспен барудан босатудан басқа жұмыс берушiнiң өз қызметкерлерi алдында жоғары деңгейдегi жауапкершiлiктi және ҚР еңбек заңнамасының сақтауы бөлiгiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың жоғары бағалауына бедел артықшылықтарын бередi.

Бақылаудың тексеру бару сияқты өзге нысанын жүргiзу қорытындысы бойынша «Фирма Алекри» ЖШС өнеркiсiбiнiң қызметi ҚР еңбек заңнамасы талаптарына сай деп танылды.

2017 жылғы 06 қыркүйегiнде Мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қ.С. Пiшенбаев аталған кәсiпорын басшысы А.Ф. Прядкоға үш жыл мерзiмге сенiм сертификатын табыс еттi.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика